Ақтауда жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтауда 30 маусымда түнгі 12:00 шамасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда 30 маусымда түнгі 12:00 шамасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Lada.kz порталына Облыстық көпсалалы аурухана берген мәлімет бойынша, ұрып-соғу салдарынан дәрігердің миы шайқалған, параорбитальды гематома, сондай-ақ бетінде көптеген көгеру болған. Жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жібергені айтылды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір берді.

"Бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная