28 қыркүйек 2021 | 17:26

Ақтауда жерленген адам 3 сағаттан кейін басқа зиратқа көмілген

Фото: lada.kz

Ақтауда жерлеу қызметкерлері мәйітті жерлегеннен кейін 3 сағаттан соң қайтадан қазып, басқа зиратқа көмген. Марқұмның ағасы кінәлі адамдарды жазаламақ, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда жерлеу қызметкерлері мәйітті жерлегеннен кейін 3 сағаттан соң қайтадан қазып, басқа зиратқа көмген. Марқұмның ағасы кінәлі адамдарды жазаламақ, - деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым редакциясына Ақтау қаласының тұрғыны Юрий Коновалов хабарласқан. Ол ағасы қайтыс болғаны туралы марқұмның Бакуде тұратын туыстарына хабарлаған. Туыстарынан жерлеуге нотариалды құжат алғаннан кейін ол мәйітті жерлеу жұмыстарымен айналыса бастаған.  

"Жерлеу рәсімдерімен айналысу үшін қаладағы екі жерлеу қызметіне хабарластым. Агенттіктердің бірінен Мәскеуде тұратын әпкем Ирина Хасанова қаланың шетінде, жаңа жерлеу агенттігінен орын дайындап қойғанын білдім. Мен оған қарсы болдым, себебі ұлы анасының жанында, қаладағы зиратта жерленуі керек. Әпкеммен жеті жылдан бері араласпаймыз, оны не үшін істегені түсініксіз", - дейді Юрий Коновалов.  

Реклама
Реклама

Ақтаулық тұрғынның сөзінше, зиратты дайындауға қатысты рұқсат ала алмағаннан кейін өзі бригада іздей бастаған. Мәйітханадан марқұмның мәйітін алғаннан кейін Коновалов бригадамен зиратқа келіп, 2020 жылдың 15 мамырында мәйітті жерлеген.  

"Жерлеу рәсімі өткеннен кейін үш сағаттан соң маған зират директоры хабарласып, ағамның мәйітін қазып алғандарын айтты. Келгеннен кейін кеспекшенің жоғын, қабірдің жан-жағы шашылып тұрғанын көрдім. Мен зираттан кетерден бұрын қызметкер келіп марқұмның мәйітін агенттік қызметкерлері қазып алғанын, ол тыстағы зиратқа апарылғанын хабарлады", - дейді Коновалов. 

Осылайша ер адам Ақтаудағы прокуратураға арызданған. Мәйіттің заңсыз эксгумациялануына байланысты Қылмыстық кодекстің 314-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Артынша бұл дерек бойынша қажет тергеу шаралары жүргізілген. 

Тергеу барысында жерлеу агенттігі директорының тапсырмасымен Романовтың мәйіті қазылғаны, артынша оның Ақтаудың шетіндегі зиратқа жерленгені белгілі болған. 

"Директордың тапсырмасымен мәйіт жерленген бұрынғы орында кірес қойылған. Агенттік директорының неліктен мұндай әрекетке барғаны түсініксіз. Не үшін олай істегені мен үшін жұмбақ болып қалды", - дейді Коновалов. 

Коноваловтың сөзінше, бір жыл ішінде іс бойынша ешқандай шара қолданылмаған. Ер адам кінәлі адамдар жазадан жалтарып кетуі мүмкін деп уайымдайтынын айтады.  

"Мен істің тоқтап тұруына жемқорлық себеп болып отырғанына сенімдімін. Тергеудің нормативтік мерзімі - үш ай. Оған қатысы бар адамдар анықталды, куәгерлер бар. Бірақ іс бір жылдан бері сотқа жіберілмей жатыр. Тергеу не тоқтап тұр, не оны мүлде жауып тастамақ", - дейді ер адам. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная