ПОДЕЛИТЬСЯ
04 наурыз 2021 | 09:19
Ақтауда жоғалған қыз өлі табылды
Ақтауда "Жартасты соқпақ" маңында жоғалып кеткен 2002 жылғы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі инАктау және "Лада" басылымдарына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда "Жартасты соқпақ" маңында жоғалып кеткен 2002 жылғы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі инАктау және "Лада" басылымдарына сілтеме жасап.
Бойжеткен 23 ақпанда кешке 11-ші шағын аудандағы үйінен шығып, таксиге отырған. Содан бері ешкіммен байланысқа шықпаған.
"Жағалауда оның жеке заттары табылды: сырт киімі, жемпір, бас киімі және ұялы телефоны", - делінген әлеуметтік желілерде тараған жазба сипаттамасында.
25 ақпанда анасы полиция бөлімшесіне қызы жоғалып кеткенін хабарлады. Сол күні полицейлер оның денесін 4-ші "А" ықшамауданындағы "Жартасты соқпақ" маңынан тапты. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ.
"Факт бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также