ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 сәуір 2022 08:48
Ақтауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр
Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жасөспірімнің туыстары қыз кеше, 4 сәуірде сағат 14.30-да 13-шағынаудан, 50Б мекенжайынан шығып, оралмағанын айтты.
Қыз қызыл күртеше, қара шалбар және ақ кроссовка киген.
Полиция мәліметінше, басқарманың жеке құрамы мен еріктілер іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.
Қыздың туыстары 8 708 946 20 89 нөміріне хабарласуды сұрайды. Құқық қорғау органдарына "102" телефоны арқылы хабарласуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу