08 маусым 2022 | 14:32

Ақтауда жұмысшы оқыс жағдайда қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: lada.kz

Ақтауда жұмысшы оқыс жағдайда қаза тапты. Қайғылы оқиға 23-шағынауданда болған, - деп хабарлайды lada.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда жұмысшы оқыс жағдайда қаза тапты. Қайғылы оқиға 23-шағынауданда болған, - деп хабарлайды lada.kz

8 маусымда "КЖСА" МКК қызметкерлері 23-шағынаудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимараты маңында жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осы мекеме қызметкерлерінің біріне кірпіш қабырға құлап кеткен.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына 17 құтқарушы барған. Олар ер адамды үйінді астынан шығарып, зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының өкілі ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын айтты.

1978 жылы туған марқұм "ҚЖСА" МКК қызметкері екені белгілі болды.

Суреттер: lada.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная