ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 қыркүйек 2020 09:16
Ақтауда жүргізуші билеп жатқан қыздарды капотында сүйреген
Ақтауда кабриолет жүргізушісі екі қызды көлігінің капотында сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақтауда кабриолет жүргізушісі екі қызды көлігінің капотында сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, бұл оқиға кеше, 24 қыркүйекте болған. Ереже бұзушыларды "Мираж-2" патрульдік қызметі батальонының қызметкерлері патрульдеу кезінде анықтаған.
Видеода Mercedes-Benz жүргізушісінің автотұрақта баяу қозғалатынын көруге болады. Бұл кезде капотта қыздар билеп жатады. Содан кейін артынша екінші қыз билеп шығады.
"Жүргізуші жол ережесін бұзды, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593, 612 және 595-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді", - деді облыстың бас полициясы Бақтыбаев Жанарбек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу