10 ақпан 2022 | 17:04

Ақтауда жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында баланы қағып кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ақтауда 17-шағынаудандағы жаяу жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 17-шағынаудандағы жаяу жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 10 ақпанда 17-шағынаудандағы 1-үй маңында болған. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеода Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан баланы қағып кеткені көрінеді. Баланы ересек адам жетектеп келе жатқан.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтайды. Бала аман-сау екені, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная