Ақтауда жүргізуші төрт жасар баланы қағып кетті

Ақтауда жүргізуші төрт жасар баланы қағып кетті ©Даниал Оқасов

Ақтауда Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі төрт жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті, - деп жазады "Лада".

Оқиға өткен аптада 29-ықшамауданда болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жылдамдығын бәсеңдетпей, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен бала облыстық аурухананың жарақат бөліміне түсті, оның миы шайқалған, аяғы жараланған. 

Баланың көшенің көлік жүретін бөлігінде ересектердің жетегінсіз қалай пайда болғаны әзірше белгісіз. Қазіргі уақытта оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстау шаралары қолға алынды.

Жарнама
Жарнама

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама