Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен төбелескен әйелдің видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
lada.kz/видео кадры

Ақтауда әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Ақтауда әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Төбелес 34-шағынаудандағы №10 үйдің ауласында болған. Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірім бір-бірінің шашынан ұстап, тартып жатқанын көруге болады. Оларды басқа балалар қоршап тұрғаны көрінеді. Жасөспірімнің анасының айтуынша, көрші әйел мүмкіндігі шектеулі қызын соққыға жыққан.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қыркүйекте сағат 18:28 шамасында көмек сұраған қоңырау түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі қызын көршісі ұрған.

"Қоңырауға шыққан учаскелік инспекторлар деректі растады. Кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 73-1-бабы 1-бөлігі және 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама