ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2020 | 13:31
Ақтауда қандаланы улаудан кейін үш адам ауруханаға түсті
Ақтауда 17 ақпанға қараған түні 12-ықшамауданындағы 62-үйде адамдар уланды. Уланғандар арасында кішкентай бала да бар. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "инАктау" порталына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем қызметіне көппәтерлі үйдің тұрғыны хабарласып, басы ауырып, жүрегі айнып, әлсіз боп тұрғанын айтқан.
Дәрігерлер келген уақытта үйдегі тағы екі адамның жағдайы нашарлағанын анықтаған.
"Медициналық мекемеге 1964 жылғы әйел, 1998 жылғы жігіт және бес жасар қыз жеткізілген. Олардың барлығы улы затқа уланған. Ересек науқастар дәрігерлердің бақылауында. Ал кішкентай қыздың денсаулығына еш қауіп жоқ, оны үйіне жіберді", - деді ведомство өкілдері.
Дәрігерлердің айтуынша, отбасы мүшелері үйде қандаланы улаудан кейін өздерін жайсыз сезінген.
"Олар Instagram желісінде улағыштарды тапқан, олар өз жұмысын істеген соң бір тәулік пәтерге ешкім кірмеу керектігін айтқан. Бір тәуліктен соң отбасы үйіне оралған. Ересектер нұсқаулықтарды орындамай, үйді өңдемей, желдетпей жата қалған. Осыдан кейін өздерін жайсыз сезінген", - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также