05 сәуір 2018 | 09:31

Ақтауда қаңғыбас иттер 9 жастағы қызды тістеп тастаған

Ақтауда қаңғыбас иттер 9 жастағы қызды тістеп тастаған, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда қаңғыбас иттер 9 жастағы қызды тістеп тастаған, - деп хабарлайды Lada.kz.

Зардап шеккен қыздың анасы Ақмарал Кәрімнің айтуынша, бұл жағдай 3 сәуірде 17-ықшамауданда болған. Қызы Камила сабақтан қайтып үйге келе жатқан кезде оған ит шабуылдаған. Анасының айтуынша, ол кешегі күнге дейін сабаққа өзі барып келіп жүрді.

Реклама
Реклама

"Қызым үйге қосымша сабақтардан келе жатты. Иттер аш болған сияқты. Сол кезде ересек ер адамның өтіп бара жатқаны жақсы болды, ол соларды қорқытып жіберді. Соның арқасында қызым қатты жарақат алған жоқ, бір жерінен ғана тістеп алды, бірақ қызым қатты қорқып қалған. Қасында ешкім болмағанда не болар еді? Біздің 17-ықшамаудан қала орталығында орналасқан, соның өзінде мұнда көше кезген иттер көп жүреді. Балаларым үшін қорқамын. Енді қызымды мектепке өзім шығарып салып, күтіп алып жүрмін. Қазір үйдің қасында төрт ит жүр. Бұл бүкіл қаланың проблемасы, сондықтан мұны шешу керек", - дейді қыздың анасы Ақмарал Кәрім.

Басылымның мәліметінше, жыл басынан бері көше кезген 501 ит пен 307 мысық атылды.

Сондай-ақ, қалалық мал дәрігерлік станцияның қызметкерлері көше кезген жануарларды бірден атып тастайтындарын айтады. Кейіннен олардың денелерін өртеп, Мұнайлы ауданындағы арнайы мекемеге жібереді. Қала тұрғындары көше кезген жануарлар жайлы мына нөмірге хабарлай алады: 52-40-55.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная