23 мамыр 2021 | 14:57

Ақтауда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

Сурет: қала әкімдігі

Ақтауда қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті. Салдарынан газ құбыры зақымдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті. Салдарынан газ құбыры зақымдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін таңғы сағат 03.30-да Ақтаудың 30-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы құлап түсті. 

"Оқиға күндіз болса, зардап шеккендер болушы еді. Бұл үй ақпаннан бастап Меншік иелері қауымдастығының (МИҚ) басшылығына өтті, сондықтан жауапты адамды таба алмаймыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде айтады, бірақ міндеттемелерін орындамайды", - дейді үйдің тұрғыны Сәуле.

Реклама
Реклама

Әкімдік мәліметінше, апат қатты желден болған. Салдарынан газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қала әкімінің орынбасары Серік Гусман, әкімдіктің және төтенше жағдайлар басқармасының тиісті жауапты бөлімдері, сондай-ақ Мүлік иелері бірлестігінің бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр.

Қауіптің алдын алу үшін "ҚазТрансГазАймақ" АҚ қызметкерлері газ беруді уақытша тоқтатты. Құбырлар тексерілгеннен кейін газ қайта беріледі.

Опырылған қабырға арнайы техникамен жиналып жатыр.

Түстен кейін қабыршақтанған қабырға тегістеледі. Тұрғын үйді толық қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің бақылауында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная