Кеше | 14:19

Ақтауда қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды

видео кадры

Ақтауда мекемелердің бірінің алдында қызды ұрып-соғу сәті камераға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда мекемелердің бірінің алдында қызды ұрып-соғу сәті камераға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеожазбадан ер адамның қызды бетінен ұрғаны көрінеді. Қыз аяғына тұра алмай қалады. Қысқа сөйлесуден кейін ер адам тағы да қыздың бетінен соғып, оны тағы құлатады.

Жанында тұрған жігіттер оқиғаға араласпайды. Тек бір жігіт қызды қорғауға тырысады, бірақ нәтижесіз.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен қыз өз парақшасында оқиғаның фото және видео дәлелдерін жариялады. Кадрлардан оның денесінде және бетінде көптеген көгерген іздер бар екені көрінеді.

Жазба авторының айтуынша, камераға түсіп қалған ер адамның оған қол көтерген алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін де ол қызды басқа мекемеде ұрып-соққан.

"Мен бұл мәселелерді ұзақ уақыт бойы тіпті анама да айтқан жоқпын, өйткені мен бәріне шыдадым. Мен ең алдымен оны, оның ата-анасын аяйтынмын. Жаздан бері маған арыз жазу керек екенін айтқан адамдар болды, бірақ мен оны соңына дейін кешіріп, аяп келдім. Мен әрдайым оның анасын ойлайтынмын, ұлының мұндай әрекетін білгенде оған қалай болатынын уайымдайтынмын. Бірақ мұның бәрі өзіме кері әсерін тигізді", – деп жазады зардап шегуші.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Патрульдік экипаж бұзақылық әрекеттерді тоқтатты. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Денеге жеңіл жарақат салу дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная