16 наурыз 2021 16:39

Ақтауда мас жолаушы рейстен шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтау-Алматы бағытындағы ұшақ жолаушысы тәртіпсіздік көрсетуіне байланысты рейстен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Ақтау-Алматы бағытындағы ұшақ жолаушысы тәртіпсіздік көрсетуіне байланысты рейстен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, оқиға 15 наурызда болған. Ақтаудан Алматы қаласына ұшуға бет алған ұшақтың жолаушысы мас болған және тәртіпсіздік жасап, борт экипажының ескертуіне құлақ аспаған.

"Жолаушы экипажға қоқаң-лоққы көрсетіп, адамдардың мазасын алған. Ер адамға екі рет ескерту жасалған. Үшінші ретінде командир ұшу жолағынан тұраққа қайта оралып мазасыз жолаушыны рейстен шығаруды ұйғарды", - деді SCAT әуекомпаниясының өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети