ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2018 | 09:38
Ақтауда менингококк инфекциясын жұқтырған сарбаз қайтыс болды
Ақтауда менингококк инфекциясын жұқтырған сарбаз кеше, 14 қазанда қайтыс болды. Бұл туралы "Лада" басылымына өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда менингококк инфекциясын жұқтырған сарбаз кеше, 14 қазанда қайтыс болды. Бұл туралы "Лада" басылымына өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев хабарлады.
Оның айтуынша, сарбаздың өмірін аман алып қалу үшін тәжірибелі дәрігерлер жұмылдырылған.
"Сарбаз сағат 09.33-те қайтыс болды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
"ИнАктау" мәліметінше, әскери қызметкердің өлімінің алдында оған іріңді менингоэнцефалит диагнозы қойылған.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Ақтауда әскери қызметшінің менингококк инфекциясымен ауруханаға түскені хабарланған болатын. Дәрігердің сөзіне қарағанда, әскери бөлімнің медициналық қызметінің басшысы міндетін атқарушының айтуынша, мерзімді қызметтегі сарбаз 27 қыркүйекте медициналық-санитарлық бөлімге барған, ол соңғы үш күнде есінен танғанын, денесінің құрысқанын, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілгенін, басының ауырғанын, терісіне бөртпелердің шыққанын, лоқсығанын және әлсірегенін айтқан.
Ал кейінірек оған іріңді менингит диагнозы қойылғаны жайлы хабарланған еді. Бұл мәліметті Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин растаған болатын.
Показать комментарии
Читайте также