ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2020 | 12:26
Ақтауда оқушылар бесінші сыныпта оқитын қызға және оның інісіне шабуыл жасаған
Бесінші сынып оқушысы мен оның інісі өзімен жасты балалардың шабуылына ұшырады, - деп хабарлайды Tumba.kz. Оқиға бейне бақылау камераларына түсіп қалған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бесінші сынып оқушысы мен оның інісі өзімен жасты балалардың шабуылына ұшырады, - деп хабарлайды Tumba.kz. Оқиға бейне бақылау камераларына түсіп қалған.
Оқиға 26 ақпанда Ақтаудағы 3-ықшамауданындағы "Школьник" орталығының маңында болған.
Маңғыстау облыстық ПД мәліметінше, балалардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.
Басында оқушылар қыз баламен ерегескен, ол сосын қолына тас алған. Осы кезде оған көмекке інісі келген, алайда ол да жәбір көрген. Інісі мен әпкесіне шабуыл жасағандар үшеу болған.
"Осы дерекке қатысты іс материалдары жиналған, оны Ақтау әкімдігінің кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау комиссиясында қарайтын болады", - деді полиция өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также