ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2021 | 17:42
Ақтауда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды
Ақтауда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 29 қазанда болған. Портал мәліметінше, "102" кезекші пультіне "әйел тоғызыншы қабаттан секіргелі тұр" деген қоңырау түскен. Тәртіп сақшылары бірден аталған мекенжайға барған. Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим және қызмет инспекторлары Бауыржан Сәрсенбаев пен Әділ Изанов ұзақ ойланбастан дереу шешім қабылдап, 20-30 минуттай әңгіме жүргізіп, әйелді райынан қайтаруға тырысқан. Әйел қолын енді жібере берген сәтте полиция капитаны Болат Ибрагим бірден оны ұстап, көтеріп алған.
46 жастағы азаматшаның мұндай әрекетке баруы отбасылық жағдайға байланысты екен. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, делінген порталда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также