Ақтауда шомылып жүрген қыздарға итбалық шабуыл жасаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
lada.kz

Ақтауда балаларға итбалық шабуыл жасаған. Оқиға 14-шағынауданда, жағалауға жақын маңда болған, - деп хабарлайды "Лада".

Ақтауда балаларға итбалық шабуыл жасаған. Оқиға 14-шағынауданда, жағалауға жақын маңда болған, - деп хабарлайды "Лада".

Зардап шеккендердің бірінің анасының айтуынша, оның 12 жастағы қызы құрбысымен бірге 14-шағынауданда, жағалауға жақын маңда шомылған. Кенет оларға итбалық шабуыл жасаған, ол қыздардың бірінің қолын тістеген, екіншісінің иығы мен арқасын тістеген.

"Біз оның онда жүзіп жүргенін де білмедік. Ол жүзіп келіп, бізге шабуыл жасады", - дейді қыздар.

Реклама
Реклама

Қыздың анасының айтуынша, олар шошып кеткен. Жағалауда болған ересектер бұл жағдайға мән бермеген. Қызы дереу қоңырау шалып, болған жағдайды анасына айтқан. Әйел бірден келіп, екеуін де Облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне апарған. 16 қыркүйекке дейін зардап шеккендерге екпе салынады.

Қыздың анасы Төтенше жағдай департаментіне 14-шағынаудан жағалауына құтқарушыларды қою керегін айтып жүгінген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама