17 мамыр 2021 | 09:15

Ақтауда шұңқырға құлап аяғын "күйдірген" балаға қатысты оқиғаның мән-жайы айтылды

Фото: inAktau.kz

Ақтауда 12 жастағы бала ашық қалған кәріз құдығына құлап, ыстық суға аяғын күйдіріп алды. Оқиғаның мән-жайын "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Бақыт Шапқан айтып берді. Оның айтуынша, оқиға болған мекенжай дұрыс көрсетілмеген. Сонымен қатар, бала кәріз құдығына емес, шұңқырға құлған, - деп хабарлайды inAktau.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 12 жастағы бала ашық қалған кәріз құдығына құлап, ыстық суға аяғын күйдіріп алды. Оқиғаның мән-жайын "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Бақыт Шапқан айтып берді. Оның айтуынша, оқиға болған мекенжай дұрыс көрсетілмеген. Сонымен қатар, бала кәріз құдығына емес, шұңқырға құлған, - деп хабарлайды inAktau.kz.

Бұған дейін оқиғаның 15 мамырда, сенбі күні облыс орталығындағы 17 шағын ауданында болғаны хабарланған болатын. Алайда кәсіпорын өкілдері бала кәріз құдығына емес, шұңқырға құлап кеткенін айтты. Оқиғаның өзі 17-ші емес, 13-ші шағын ауданда №53 үйдің маңында болған.

"15 мамырда "Каспий жылу, су арнасы" (КЖСА) қызметкерлері "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-мен бірлесіп гидравлика сынағын жүргізді. Осы жұмыстар кезінде 13 шағын аудандағы №53 үй маңындағы жылу желісінде жарылыс болды. КЖСА қызметкерлері қоршаулар мен ескерту ленталарын орнатты. Бала ойнап жүріп, абайсызда шұңқырға құлап кеткен. Ата-ана тарапынан шағымдар жоқ. Шектеулерге байланысты әзірге балаға бара алмаймыз", - деді Бақыт Шапқан.

Реклама
Реклама

InAktau.kz басылымы мәліметі бойынша, оқиға 15 мамыр, сенбі күні облыс орталығындағы 17 шағын ауданында болған. Дәрігерлердің айтуынша, дененің 10-15 пайызы күйіп қалған.

"Бала анасымен бірге болды. Олар бірден облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, баланың аяғын таңып берді. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол травматология бөлімінде жатыр", - деді облыстық балалар ауруханасы өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная