12 мамыр 2023 | 15:30

Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылды: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылғанынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылғанынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің денесі көгергенін, үйіне жіберілгенін, ал екіншісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылғанын айтты. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облыстық ауруханасында Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылуы салдарынан жарақат алған 1994 жылы туған ер адам жатыр.

"1994 жылы туған науқастың оң жақ жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігі сынған. Ол травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер тексеру жүргізді. Науқастың оң аяқғына сыртқы бекіту құрылғысын салынды. Операция жоспарланып отыр", - деп хабарлады аурухана өкілдері.

Тағы бір жәбірленуші - 1975 жылы туған ер адам төтенше жағдайдың салдарынан сол жақ тобық буыны көгерген. Ол амбулаторлық емделуге шығарылып, үйіне жіберілді.

Еске салайық, кеше, 11 мамырда Ақтауда жазатайым оқиға болды: подъезд кіреберісіндегі шатыр құлап, бір адам мерт болды. Тағы екі адам зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная