09 ақпан 2022 | 10:26

Ақтөбе әуежайында жолаушы жанжал шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© aircharter.kz

Жолаушылардың бірі Ақтөбе халықаралық әуежайында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жолаушылардың бірі Ақтөбе халықаралық әуежайында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau сайтына сілтеме жасап.

Тексеру қызметі инспекторының айтуынша, Ақтөбе-Ақтау бағытындағы рейске тексеру жүргізу барысында жолаушы өзін дөрекі ұстаған.

Ол Ақтаудың 46 жастағы тұрғыны болып шықты. Ақтау тұрғыны полиция қызметкерінің әкімшілік хаттама толтыру үшін бөлімге бару туралы талабына әдейі бағынбаған.

Реклама
Реклама

"Құқықбұзушыға қатысты бірден үш бап бойынша хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы ("Спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу"), ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау"). Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды үш тәулікке қамауға алды", - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная