ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2021 | 11:22
Ақтөбе маңында бес және алты жасар екі бала суға батып кетті
Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 12 мамырда 22.29-да түскен. Бес және алты жасар екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кетті.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері мен ТЖД психологтары шықты. Олар жеткенше ауыл тұрғындары судан 5 жасар баланың мәйітін алып шығарды.
Кейін балалар үлкендердің қарауынсыз қалып, суға киімсіз түскені белгілі болды. Сағат 00.09-да құтқарушылар жағадан үш шақырым жерде, жеті метр тереңдіктен екінші баланың денесін тапты, ол алты жаста болған.
Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері ата-аналарға балаларына судағы қауіп туралы ескертіп, оларды қараусыз қалдырмауға өтінді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында бес адам суға батып кетті, олардың үшеуі - ересек, екеуі - бала.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также