ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2020 | 10:11
Ақтөбе облысында 45 жолаушы отырған автобус аударылды
26 ақпанда Ақтөбе облысында Қарабұтақ ауылының маңында автобус аударылды. Салонда 48 адам болған - 45 жолаушы мен 3 жүргізуші, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпанда Ақтөбе облысында Қарабұтақ ауылының маңында автобус аударылды. Салонда 48 адам болған - 45 жолаушы мен 3 жүргізуші, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус Шымкенттен Екатеринбургке бара жатқан. Жол апаты шамамен сағат 20.00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған. Автобус жолдың шетіне аударылып кеткен.
Автобуста 48 адам болғаны айтылады - үш қазақстандық жүргізуші мен Тәжікстанның 45 жолаушысы. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жолаушыларды құтқарушылар мен полицейлер эвакуациялаған.
Показать комментарии
Читайте также