04 маусым 2021 10:49

Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды

Фото: t-l.ru

Полиция департаменті Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бесінші қабат терезесінен құлап кеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция департаменті Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бесінші қабат терезесінен құлап кеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 маусымда Батыс-2 ауданында көппәтерлі үйдің бесінші қабатынан 7 жастағы бала құлап кетті. Кәмелетке толмаған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде баланың анасы бірнеше минутқа дүкенге кеткен, ал бала ол кезде ұйықтап жатқан", - деді аймақтық полицияның баспасөз қызметі өкілі.

Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов баланың тұрақты-ауыр халде екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты-ауыр. Жансақтау бөлімінде бақылауда болып, ем алады. Есін біледі. Ол жабық ми жарақатын, өкпе, бүйрек, бауыр жарақаттарын алған. Оң жамбасында сынық бар. Балаға операция қажет емес", - деді ол.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полиция тұрғындарға терезеге қойылатын торды мұқият таңдауды ұсынады. Бала өз еркімен терезені аша алмайтындай құлып немесе қорғаныс қойылу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram