ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2022 | 12:36
Ақтөбе облысында балаға жай түсіп мерт болды
Ақтөбе облысында балаға найзағай түсті. Жазатайым оқиға 20 мамырда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысында балаға найзағай түсті. Жазатайым оқиға 20 мамырда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі Белогорка ауылындағы үйлердің бірінің маңында екі адамға найзағай түскенін хабарлады. 2007 жылғы бала найзағай салдарынан оқиға орнында қаза тапты, 27 жастағы ер адам Ақтөбедегі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Белогорка Ақтөбенің маңында, Самара-Шымкент тасжолына жақын жерде орналасқан.
Құтқарушылар найзағай кезінде тұрғындардан биік ағаштар мен электр желілерінен алыс болуды, су айдындарында шомылмауды, ұзын металл заттарды - қармақ, қолшатыр және басқаларды ұстамауды, сондай-ақ металл құрылыстарға қол тигізбеуді, телефон арқылы қоңырау шалмауды сұрайды.
"Құрылғы қолданылмай, жай қосулы болса да найзағай түсуі мүмкін. Найзағай кезінде металл зергерлік бұйымдарды шешіп тастаған дұрыс", - деп ескертті ТЖД өкілдері.
Өңірде бүгін де ескерту жарияланды. Солтүстік-батыста және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай мен бұршақ болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также