08 маусым 2021 09:08

Ақтөбе облысында бұршақ астында қалған бір отар қой қырылды

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадрлар

Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылып жатыр. Тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан қой-ешкі тұра алмай қалған. Ветеринарлар төрт түлікке суық өтті деп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК және "Астана" телеарналарына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шалқар ауданындағы екі ауылда 100-ге жуық ұсақ малы бұрашақтан кейін пышаққа түсіпті. Өйткені жайылымда жүрген ұсақ мал төпелеп жауған жауынды көтере алмай қалған. Шалажансар қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап үлгерген.

Мамандар қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылғанын айтады. Өйткені тұрғындар оларды ерте қырықтыққа салған. Жүнін әзір қырықпағанда аман қалар еді, дейді ветеринарлар.

Реклама
Реклама

"Малды, ұсақ малдарды қырыққаннан кейін жайлауға шығарған. Енді уақытында бауыздап, сойып үлгеріп, етін таратқан", - дейді Ақтөбе облысы ветеринария басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram