Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: mgorod.kz

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған.

Реклама
Реклама

Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайта оралмаған. Сағат 18:30-да балалардың бірінің денесі судан шығарылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 28 мамырда сағат 1:25-те суға батып кеткен екінші жасөспірімнің денесі табылған. Ол бес метр тереңдіктен шығарылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама