ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2020 | 14:42
Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, 9 адам зардап шекті
Хромтауда газ баллоны жарылғаннан кейін үй құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Хромтауда газ баллоны жарылғаннан кейін үй құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
ТЖМ хабарлауынша, бүгін сағат 11.36-да Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Ақтөбе облысы Хромтау қаласында бір қабатты үйде өрт шыққаны, салдарынан газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті.
Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті (6, 7 жастағы және жаңа туған сәби, балалар күйік алмаған). Олар қазір Хромтау орталық ауруханасына дәрігерлерінің қарауында", - деді Уәли.
Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметінің фотосы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также