ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2023 | 08:51
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған
Ақтөбе облысындағы 4 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысындағы 4 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 1 маусымда Самара – Шымкент тасжолында болған. Lada Largus-тың 27 жастағы жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada-ның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төртеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Lada Largus көлігінде Батыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін мұғалімдер болған, олардың үшеуі Оралдағы мектептерде қызмет еткен. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаза болғандардың бірі №47 орта мектепте дефектолог боп жұмыс істеген.
Кейінірек ауруханада 27 жастағы әйелдің қаза болғаны белгілі болды. Ол мекемеге жеткізілген соң жарты сағаттан соң көз жұмған. Ол сурдопедагог боп жұмыс істеген.
Мұғалімдер Ақтөбедегі университетте сырттай оқыған, диплом алуға бара жатқан. Олар жұмыстан өз есебінен демалыс алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также