ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2023 | 14:19
Ақтөбе облысында жасөспірім үш адамды қағып кеткен: 3 жастағы бала қаза болды
Ақтөбе облысында жасөспірім үш адамды қағып кетті. Үш жастағы бала қаза болды, тағы екі жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 тамызда сағат 21:30-да Сарыжар ауылында болған.
"Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қаза болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также