ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2023 | 13:04
Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қаза болды
Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ ресми Telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек, 21 ақпан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент тасжолының 938-шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
"Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды, жолаушы 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған үш кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также