ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 желтоқсан 2023 12:37
Ақтөбе облысында жол апатынан мұғалім мен екі оқушы қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген алдын ала мәлімет бойынша, 19 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 08:45-те Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болған. Жол апаты Ырғыз ауданы, Қызылжар ауылының маңында болған.
"Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқан: Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға бара жатқан екі оқушы мен бір мұғалім. Оқиға туралы қосымша ақпарат, басқа да мәліметтер ақпарат болған кезде қосымша хабарланады", - делінген Ақтөбе облысының Білім басқармасы хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу