1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай
Реклама
Реклама

Ақтөбе облысында оқушылар жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы маңында оқушылар жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы маңында оқушылар жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, оқиға 4 наурызда кешкі сағат 20:55 шамасында Шалқар-Базой тасжолының 4-шақырымында болған. 9-сынып оқушысы Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеп келе жатып аударылған. Оқиға салдарынан бір кәмелетке толмаған қыз сол жерде қайтыс болған. Қалған төртеуі Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілген.

Балалар Шалқардың № 8 мектебінің оқушылары екені айтылған. Алайда өңірдің білім басқармасы өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!