10 маусым 2020 | 09:20

Ақтөбе облысында ірі жол апаты: алты адам қайтыс болды

© diapazon.kz

9 маусымда Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылы маңында, Ақтөбе-Астрахан трассасында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

9 маусымда Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылы маңында, Ақтөбе-Астрахан трассасында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Армения Республикасында тіркелген Toyota Ipsum маркалы көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып "Лада-Ларгус" автокөлігіне соғылған. Көлікті 46 жастағы жүргізуші тізгіндеген. 

Реклама
Реклама

Полиция хабарлауынша, Toyota жүргізушісі 2019 жылы мас күйінде көлік айдағандықтан жүргізуші куәлігінен айырылған. Нәтижесінде оқиға орнында "Лада-Ларгустың" жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды, тағы бес жолаушы Алға қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілген, оның ішеуі қайтыс болды. 

Артынша жол апатынан зардап шеккен 1993 жылғы қыздың да қайтыс болғаны туралы хабар келген. Жалпы жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қайтыс болды, оның барлығы "Лада-Ларгус" көлігінде отырған. 

1974 жылғы жүргізуші және 1969 жылғы, 1971 жылғы, 1981 жылғы, 1984 жылғы, 1993 жылғы жолаушылар көз жұмды. 

Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі Алға қаласының тұрғыны медициналық көмек көрсетілгеннен кейін уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Аталған баптың санкциясы бойынша, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная