04 желтоқсан 2023 14:11

Ақтөбе облысында шекара заставасындағы адам өлімі дерегі тергеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында шекара заставасындағы адам өлтіру оқиғасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында шекара заставасындағы адам өлтіру оқиғасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметші әріптесіне оқ атқан.

Реклама
Реклама

Оқиға 2 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің "Қиялы" шекара заставасында болған. Әскери прокуратура мәліметінше, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер арасында жанжал шығып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.

"Келісімшарт бойынша қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қарудан ауызша жанжал нәтижесінде әріптесіне оқ атып, ол жедел медициналық жәрдем көлігінде қайтыс болды. Осы факт бойынша Батыс, өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Іс бойынша күдікті ұсталды", - деді Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Руслан Жанисбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram