ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2020 | 09:22
Ақтөбе облысында студент 5 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды
Ақтөбе облысында 19 жастағы студент өзенге ағып кете жаздаған баланы құтқарды, - деп хабарлайды "Диапазон".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысында 19 жастағы студент өзенге ағып кете жаздаған баланы құтқарды, - деп хабарлайды "Диапазон".
Оқиға 21 сәуірде Ырғыз ауылында болған. 5 жастағы бала өзен маңында ойнап жүріп, байқамай суға түсіп кеткен. Оны өзен ағысы жағадан жеті метрге әкеткен.
Суға батып бара жатқан баланы 19 жастағы студент Нұржан Рашид байқап қалған. Ол ойланбай, салқын суға секірген. Ал бала батып бата жатқан жердің тереңдігі екі метрге жеткен. Жасөспірім баланы жағаға шығарған кезде ол ес-түссіз жатқан. Нұржан оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасаған.
Облыстық ТЖД мәліметінше, Нұржанның дұрыс және уақтылы әрекеттері баланың өмірін сақтап қалған.
Қазір 5 жасар бала ауруханада жатыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Нұржан Рашид Жұбанов университетінің екінші курсында оқиды. ТЖ режиміне байланысты үйінде, қашықтан оқып жатыр. "Біз бірге болып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бұл жігіт іс жүзінде дәлелдеді. Елдегі осындай қиын жағдайда көрші отбасыны қайғылы жағдайдан құтқарып қалды", - деді ТЖД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon) 21 Апр 2020 в 10:41 PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также