05 қыркүйек 2023 | 10:33

Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары табиғи газдан уланып қалған

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары табиғи газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары табиғи газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 қыркүйек күні кешке Ақтөбе облысының Кеңқияқ, Саркөл және Шұбаршы ауылдарының тұрғындары газдың өткір иісіне жаппай шағымдана бастаған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шұбаршы газ тарату станциясындағы газ ысырмасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін жүйеге өткір иісі бар "Одарант" газы қосылған.

Реклама
Реклама

Видео кадрлары

Түнде Кеңқияқ ауылының тұрғындары үйде дем алу мүмкін болмағандықтан, отбасы мүшелерімен бірге далаға шыққан. Газдың қатты иісінен ауыл тұрғындарының басы айналып, тамақтары қышып бастаған.

Ресми деректерге сүйенсек, газбен уланудың салдарынан Кеңқияқ ауылының ауруханасына сегіз адам жүгінген. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы олардың арасында жүкті әйел мен кәмелетке толмаған балалар бар екенін нақтылады. Облыс әкімдігі толық ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная