14 ақпан 2022 | 13:54

Ақтөбе облысында үш автотасымалдаушы мен жүк көлігі соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе облысында төрт көлік жол апатына ұшырады. Жеңіл көліктер тиелген екі автотасымалдаушы соқтығысып, салдарынан басқа да көліктер зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында төрт көлік жол апатына ұшырады. Жеңіл көліктер тиелген екі автотасымалдаушы соқтығысып, салдарынан басқа да көліктер зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 13 ақпанда сағат 11.00 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 619-шақырымында болған.

"Жолдың тайғақ бөлігінде жол және метеорологиялық жағдайды ескермей Алматыға көліктерді тасымалдап келе жатқан "Рено" автотасымалдаушының жүргізушісі - Грузия азаматы алдында келе жатқан "Рено" көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан "Рено" жүк тасымалдаушысы қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы келе жатқан Mercedes жүк көлігімен соқтығысқан", - деді полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Хромтау орталық аудандық ауруханасына жатқызылған.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram