Ақтөбе облысындағы тасжолда жол апатынан ресейлік қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақтөбе облысындағы тасжолда жол апатынан ресейлік қаза тапты Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысындағы тасжолда жол апаты салдарынан ресейлік қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысындағы тасжолда жол апаты салдарынан ресейлік қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 26 қыркүйекте түнгі сағат 1.50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 999-шақырымында, Аралтоғай ауылы тұсында Toyota Camry көлігін тізгіндеген Ресейдің 38 жастағы азаматы шұңқырға аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы, Ресей Федерациясының азаматы оқиға орнында қаза болды, 1983 жылғы екінші жолаушы Әйтеке би ауданы Орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама