25 шілде 2024 | 08:36

Ақтөбе тұрғындары тегін билет аламыз деп дүрбелеңге түсті

видео кадры

Ақтөбе тұрғындары музыкалық фестивальге тегін билет аламыз деп дүрбелеңге түсті. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе тұрғындары музыкалық фестивальге тегін билет аламыз деп дүрбелеңге түсті. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының айтуынша, фестивальді жергілікті блогер Гүлнұр Жұмағалиева ұйымдастырған. Ол хедлайнер ретінде қазақстандық жұлдыздарды шақырған.

Блогердің өзі әлеуметтік желіге видео түсіріп, мұндайды күтпегенін мойындады.

"Мен есеңгіреп қалдым. Бұл қалыпты өтеді деп ойладым. Әйелдер, балалары бар аналар, сіздер не болып жатқанын көріп тұрсыздар ғой, қайда барасыздар. Мен бұл концертке 18+ жас шектеуі барын жаздым ғой", - деп түсіндірді ол.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысының Полиция департаменті халықты дүрліктірген оқиғаны ұйымдастырушымен "профилактикалық әңгіме" өткізуге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная