Ақтөбеде 10 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақтөбеде 10 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 25 мамырда Кирпичный аулында "Камаз" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жастағы қызды қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласының Ана мен баланы қорғау орталығына жатқызылды. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Бұл жаяу жүргіншілерге, электр скутерлеріне, мотоциклдерге және велосипедтерге қатысты. Бұл әсіресе жазғы демалыс қарсаңында манызды", - делінген хабарламда.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама