05 желтоқсан 2018 | 09:12

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы менингит жұқтырған

© Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде мектеп оқушысы менингит жұқтырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде мектеп оқушысы менингит жұқтырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, №20 мектептің 11-сынып оқушысы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Реклама
Реклама

Қазір онымен араласқан оқушылар мен ұстаздар дәрігерлік тексерістен өтіп жатыр екен. Ол бір күн бұрын денесі бөртіп, дене температурасы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген. Кейіннен дәрігерлер одан менингит дертін анықтапты.

"Жағдайы ауыр, қалыпты жағдайдағы ауыр болып тұр. Бізге оны жедел жәрдеммен жеткізді. Қатты дене қызуы, бас ауруы мен денесінде бөртпесі болды. Іріңді менингит деп отырмыз. Ақтөбеде жыл басынан бері алты менингит дерті тіркелді. Ал күні бұрын вирус анықталған мектепте бәріне бетперде кию керегі айтылды", - дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.

№ 20 мектептің директоры Бағдат Орымбаеваның айтуынша, қазір сыныпта карантин жарияланды.

"Ол сыныпта карантин жарияланды. Яғни балалар ол кабинеттен шықпайды. Оқу процесі кезінде дене шынықтыру, технология сабақтары да кабинетте өтеді. Араласқан адамдар ретінде сол сыныптың мұғалімдері мен оқушылары сараптама тапсыруға дәрігерге жіберілді", - дейді мектеп директоры Орымбаева.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная