ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 ақпан 2020 12:36
Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға жеткізілді
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус аударылып қалды, - деп хабарлайды polisia.kz.
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус аударылып қалды, - деп хабарлайды polisia.kz.
Апат таңғы сағат 09:40-та Ғ. Жұбанова мен О. Сеитов көшелерінің қиылысында болды. Такси қызметіне тиесілі Volkswagen Polo автокөлігі мен №37 маршруты бойынша келе жатқан ПАЗ автобусы соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автобустағы 26 жолаушы (19 әйел мен 7 ер адам) Ақтөбе ауруханасына жеткізілді. Тергеу жұмыстары басталды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін көктайғақта жолда мұқият әрі ұқыпты болуды сұрайды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу