21 ақпан 2022 | 14:05

Ақтөбеде балалар лық толы мектеп автобусынан өрт шыққан

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: diapazon.kz

21 ақпанда Ақтөбеде №18 мектепке бара жатқан жолда балалар отырған ПАЗ автобусынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 ақпанда Ақтөбеде №18 мектепке бара жатқан жолда балалар отырған ПАЗ автобусынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Жүргізуші мен тәрбиеші балаларды дер кезінде көліктен шығарып, жалынды ауыздықтап үлгергені айтылған.

Фото: diapazon.kz

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін ата-аналар мектеп автобусында ақау барын айтып, бірнеше рет шағымданған. Олардың айтуынша, автобус төрт жыл бойы үнемі істен шығып келеді.

"Қызым көлік жүріп келе жатқанда салон қатты түтіндей бастағанын, жүргізуші есіктерді тез ашып, балаларды сыртқа шығарғанын айтты. Салон лық толы болған. Бақытымызға қарай, бәрі сыртқа шығып үлгерді, ал жалынды өртсөндіргішпен сөндірген. Үнемі істен шығып, жиі жөнделеді. Автобусты ауыстыруды төрт жыл болды сұрап келеміз", - дейді оқушы қыздардың бірінің анасы.

Фото: diapazon.kz

Басылым пікір алу үшін қалалық білім бөліміне жүгінген. Олар бұл мәселе бүгін шешілетінін айтқан – автобус "міндетті түрде ауыстырылады". Жағдай туралы кейінірек толық айтуға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram