02 қыркүйек 2021 | 15:43

Ақтөбеде ғимарат опырылды: зардап шеккен әйел жансақтауда қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

Ақтөбеде ғимарат опырылған кезде зардап шеккен 1988 жылғы әйел жансақтауда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде ғимарат опырылған кезде зардап шеккен 1988 жылғы әйел жансақтауда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. 

1988 жылы туған Ләззат Мырзагелдина Ақтөбе облысы бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ филиалының мониторинг бөлімінің маманы болған. Ол көптеген жарақат алып, қабырғасы сынған еді. Бүгін, 2 қыркүйекте ауруханада қайтыс болды.

Қылмыстық іс қозғалды, құлаған жер қоршалды, полиция қайғылы оқиғаны тергеп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 1 қыркүйекте кешке "Даму" қорының Ақтөбе филиалындағы ғимаратында шатыр мен екінші қабат опырылғаны хабарланған. Бұл ғимаратта "Даму" және АШҚҚҚ-дан басқа, "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалы, "Алға КТ" ЖШС, сондай-ақ жеке нотариус және бағалау компаниясы орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная