14 қыркүйек 2020 16:25

Ақтөбеде интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды

Ақтөбеде массаж салоны түріндегі интим қызмет көрсететін притон анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде массаж салоны түріндегі интим қызмет көрсететін притон анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері "Стоп Трафик" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде орналасқан VIP-массаж салоны түрінде жұмыс істейтін интимдік қызмет көрсетуге арналған притонды анықтады.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде Атырау облысының тұрғындары болып табылатын интимдік қызмет көрсеткен үш қыз болған.

Полиция департаменті осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram