ПОДЕЛИТЬСЯ
19 мамыр 2022 | 09:38
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде әйел мен баласын көлік қағып кетті
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде әйел мен баласын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде әйел мен баласын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
18 мамырда Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Бөгенбай батыр көшесі мен "Кеңдала" аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болғаны, зардап шеккендер бар екені туралы хабарлама келіп түскен.
"41 жастағы Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесі бойымен Әл-Фараби көшесі жағынан Сәңкібай батыр даңғылына қарай келе жатып, №32 үйге қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде адам жоқ екеніне көз жеткізбей жүре беріп, 44 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын қағып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер Ақтөбе қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді", - делінген хабарламада.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпегені анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также