ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2018 | 15:52
Ақтөбеде жеті жасар қыз қайтыс болды: Дәрігерлер өлім себебін айтты
Ақтөбеде қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін тілін жұтып қойып, тұншығып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін тілін жұтып қойып, тұншығып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Жеті жасар қыз Нұр Ақтөбе тұрғын массивінде қайтыс болды. Видеодан дәрігерлер келгенде баланың ес-түссіз жатқаны көрінеді. Дәрігерлер оның жүрек қағысын тексеріп жатқан уақытта видеоға түсіріп тұрған көршілер қоңырау шалғаннан кейін 40 минуттан кейін келген жедел жәрдем қызметкерлерін кешіккені үшін айыптап жатыр. Олардың айтуынша, қыз баланың дене қызуы көтеріліп, сіңірі тартылғаннан кейін, есінен танып қалған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство басшысының орынбасарының айтуынша, жедел жәрдем шын мәнінде оқиға орнына 49 минутқа кешігіп барған. Шенеунік бұған екі себеп атады.
"Шын мәнінде жедел жәрдем кешігіп барған. Бұған екі себеп бар. Біріншісі - адамдық фактор, себебі қоңырау шалған кезде қабылдаған диспетчер жоғары температура дегенді елемеген, сол себепті жедел бармаған. Екіншісі - мекенжайы дұрыс көрсетілмеген. Қоңырау шалған адам Нұрсити, 4 ықшамаудан деп көрсеткен, екінші рет нақтылап сұрағаннан кейін ғана оқиға орнына жету мүмкін болды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.
Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде қыздың өлімін тіркеген. Алдын ала болжам бойынша - тілін жұтып қою кезіндегі механикалық тұншығу.
"Көмек көрсету не көрсетпеу туралы. Дәрігерлер келген уақытта қыздың тырнақтары көгеріп, басы солға бұрылып қалған. Туыстары өздігінен көмек көрсетпекші болған. Олар ағаш қасықпен қыздың тілін тартпақшы болған. Амал не, дәрігерлер келгенге дейін қыздың сіңірі тартылып, қайтыс болған. Қыздың кейпінде қайтыс болған адамға тән симптомдар болған, сол себепті көмек көрсетілмеген", - деді Есенаманова.
Сонымен қатар, видеоға түсірілген дәрігер жедел қызмет көрсету бригадасының тәртіптік ережесін қатаң бұзған - ол сөйлесіп, дауласқан. Дәрігер жұмыстан босатылды.
"Денсаулық сақтау министрлігі тәуелсіз комиссия құрды. Соның нәтижесінде, жедел жәрдем қызметінің басшысы емдеу жұмыстарына толық жауап бере алмауы туралы мәселе көтерілді. Дәрігер тексеру аяқталғанға дейін жұмыстан босатылады", - деді шенеунік.
Показать комментарии
Читайте также