05 маусым 2024 | 14:49

Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы іздеуге 500 адам жұмылдырылды

видео кадры

Ақтөбеде жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге 500 адам жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге 500 адам жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, 13 жастағы Кәрім Жетірудың жоғалып кетуіне қатысты соталды тергеу басталды. Бала аутизмге шалдыққан.

"Жоғалған баланың жүрген жерін анықтау үшін іздестіру іс-шаралары кешені өткізіліп жатыр. Баланы іздеуге 500-ге жуық адам, оның ішінде полиция, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер тартылды. Қызметтік иттер мен 40 техника, үш квадроцикл, екі қайық, бірнеше ат, дрондар пайдаланылып жатыр", - делінген Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Жүргізіліп жатқан іс-шаралармен қатар үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, шұңқырлар тексеріледі. Дала, оның ішінде орманды алқаптарды аралау жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары бақылауға алынып, кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды", - деп хабарлады облыстық полиция.

Еске салайық, аутизм дертіне шалдыққан бала 4 маусымда атасы мен әжесі тұратын жекеменшік үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен. Туыстары мессенджерлерде баланың ауладан іш киім және жейдемен шыққан видеосын жариялады. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная