Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Polisia.kz

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 тамызда сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Самара-Шымкент автожолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматы тізгіндеген Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама